Болжам: Мұнай арзандайды, доллар бағамы көтеріле береді

729

Ұлттық Банк алғашқы макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады.

Болжам: Мұнай арзандайды, доллар бағамы көтеріле береді

Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысқан. Респонденттер қатарына нарыққа кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер кіреді. Келешекте тізім кеңейтілуі мүмкін.

Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмайтынын атап өткен жөн. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайдың келешек дамуына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне, бағалаулары мен күтулеріне шолу жасалған.

Мұнай бағасы. Респонденттердің медианалық болжамы бойынша 2022 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орта есеппен жылына бір баррель үшін 101 АҚШ доллары, 2023 жылы – 89,9 АҚШ доллары, 2024 жылы – 75,0 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасады.

Биылғы жылға сарапшылардың болжаулары бір баррель үшін 90 АҚШ долларынан 110 АҚШ долларына дейін өзгереді. 2023 және 2024 жылдарға арналған болжамдар диапазоны кеңейеді, дегенмен респонденттердің көпшілігі мұнай бағасының төмендеуін күтуде.

ЖІӨ. Респонденттердің болжамдары бойынша 2022 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 3,0%, 2023 жылы – 3,8%, 2024 жылы – 4% деңгейінде қалыптасады. Биылғы  жылға сарапшылардың болжамдары 2,6%-дан 4%-ға дейін өзгереді. 2023 және 2024 жылдары сарапшылар экономикалық өсудің қалпына келуін күтуде.

ТБИ. 2022 жылғы желтоқсанда респонденттер инфляция 15,1% деңгейінде қалыптасуының күтеді. 2023 жылы респонденттер инфляцияның 8,8%-ға дейін және 2024 жылы 7,0%-ға дейін едәуір төмендеуін күтуде.

Базалық мөлшерлеме. 2022 жылы респонденттер базалық мөлшерлемені жылына орта есеппен 13,6%, 2023 жылы – 12,0%, 2024 жылы – 9,2% деңгейінде күтеді. Биылғы сәтте базалық мөлшерлеме жыл басынан бастап орта есеппен 13,1% деңгейінде қалыптасып тұр. Осылайша, респонденттердің көпшілігі жыл соңына дейін базалық мөлшерлеменің сақталуын немесе жоғарылауын күтуде.

Тауарлар мен қызметтер экспорты. 2022 жылы экспорт көлемі бойынша болжамдардың медианалық мәні 85 млрд АҚШ долл, 2023 жылы – 92,6 млрд АҚШ долл., 2024 жылы – 90,6 млрд АҚШ долл. деңгейінде қалыптасқан.

Тауарлар мен қызметтер импорты. 2022 жылы респонденттер импорттың өсіп келе жатқан көлемін 52,8 млрд АҚШ долл., 2023 жылы – 56,4 млрд АҚШ долл., 2024 жылы – 60,1 млрд АҚШ. құрады USD/KZT БАҒАМЫ. 2022 жылдың қорытындысы бойынша теңгенің айырбас бағамы жылына орташа есеппен бір АҚШ доллары үшін 460 теңге деңгейінде, 2023 жылы – бір АҚШ доллары үшін 478,4 теңгеге дейін, 2024 жылы – 495,0 теңгеге дейін әлсіреуін күтуде.

Бейтарап базалық мөлшерлеме. Ақша-кредит саясаты ұзақ мерзімді кезеңде инфляцияны және инфляциялық күтулерді мақсаттар мен ЖІӨ-дегі әлеуетті деңгейде қолдайтын базалық мөлшерлеме деңгейін респонденттер 8% деңгейінде бағалайды. Болжамдардың ауқымы 6%-дан 11%-ға дейін өзгереді.

ЖІӨ-нің ұзақ мерзімді өсуі. Сарапшылар әлеуетті ЖІӨ-нің орташа өсу қарқынын 5 жылдық шегінде 3,5% деңгейінде күтеді. Болжам ауқымы 2%-дан 4%-ға дейін өзгереді.

Сауалнамаға қатысқан 11 ұйым:

1. AERC

2. Halyk Finance

3. Jusan Invest

4. Азия Даму Банкі

5. АКРА

6. Еуразиялық даму банкі

7. Еуразиялық экономикалық комиссия

8. Ренессанс Капитал

9. Сентрас Секьюритиз

10. Фридом Финанс

11. Экономикалық зерттеулер институты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу