Оқиға 3 қыркүйек күні Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының әуе рейсінде тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Видеоны блогер Әйгерім Сүлейменова Instagram-дағы парақшасында жариялады. Оның сөзінше, оқиғадан соң барлық жолаушының кол жүгі қайта тексерілген.
FlyArystan ǝye компаниясы ұшақ бортында болған оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
– 2026 жылғы 3 қыркүйекте Алматы – Ақтау бағыты бойынша FS7177 рейсінде жолаушының айтқан сөзіне байланысты авиациялық қауіпсіздіктің белгіленген рәсімдеріне сәйкес, тиісті органдар мен қызметтердің қатысуымен қажетті шаралар қабылданды. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – FlyArystan үшін сөзсіз басымдық. Қауіпсіздікке ықтимал қатер ретінде қабылдануы мүмкін кез келген сөз немесе іс-әрекет жолаушының қандай ниетпен айтқанына қарамастан, міндетті түрде тиісті шара қабылдауды талап етеді. Бұл әуе кемесінің бортындағы абайсызда айтылған сөздер мен әзілдерге де қатысты, – деді компания.
Әуе компаниясы аталған жайтқа байланысты қосымша тексерулер жүргізілуі мүмкін екенін де растады.
– Жолаушыларды авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және бүкіл сапар барысында сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қауіпсіздікке төнген қатер туралы көрінеу жалған хабарлама үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, – деп нақтылады FlyArystan баспасөз қызметі.
Бұл жағдайға байланысты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі де пікір берді.
– Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan ǝye компаниясының актісі бойынша Алматы – Ақтау бағытындағы рейстен қазақ тілінде: "Мына сөмкеде қорғасын ба, бомба ма?" деп әзілдеген жолаушы түсірілді.
Көлік полицейлері авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесіп жедел тексеру жүргізді. Тыйым салынған заттар немесе жарылғыш заттар табылған жоқ. Эвакуация жүргізілген жоқ, әуежай қалыпты режимде жұмысын жалғастырды.
Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материал тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады, – делінген хабарламада.