Атырауда блогерлер "бомжсың" деп келемеждеген күзетші миына қан құйылып, көз жұмды

7520

Марқұмның артында екі ұл, бір қызы қалды.

Атырауда блогерлер "бомжсың" деп келемеждеген күзетші миына қан құйылып, көз жұмды Фото: видеодан алынған кадр

Жергілікті блогерлер мемлекеттік мекемеге барып, ішке кірмек болған. Олар мекемедегі өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік тудың жоқтығы жайлы бірқатар заң бұзушылықтарды алға тартқан. Бірақ күзетші оларды турникеттен әрі жібермеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Баса-көктеп кірмек болған блогерлер сол жерде күзетшіні "Сен – бомжсың", "Сен кімсің?", "Еркек емессің", "Юбка киген еркексің" деп балағаттап, ауыр сөздер айтқан. Бұл туралы журналист Айнұр Балакешова фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Осыдан соң 56 жастағы күзетші Хаким Иманиязовтың қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыруға тура келген. Ол бірнеше күн ауруханада жатып, көз жұмған.

Мемлекеттік сараптама орталығы блогерлердің үстінен полицияға арыз түсірген. Марқұмның жұбайы да оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүдделі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу