Оларға қатысты бопсалау, тонау, алаяқтық және қаруды заңсыз сақтаудың 18 эпизоды бойынша тергеу жүргізілуде.
– Аталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 26 млн теңгеден асады. Тінту шаралары барысында күдіктілерден бірнеше атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген оқ-дәрілер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. "Заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету министрліктің ерекше бақылауында, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.