Бопсалаумен айналысқан екі блогер қамауға алынды

351

 Күдіктілердің бірі бұрын сотталған. 

Бопсалаумен айналысқан екі блогер қамауға алынды Фото: ашық дереккөз

Полиция Түркістан облысында бопсалау дерегіне қатысты күдікті ретінде 2 блогерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Сайрам аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады. 

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды. 

Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпасы үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу