7 ақпанда елорда уақытымен сағат 12:30-ден бастап Ақтөбе облысында ауа-райы күрт нашарлаған. Боран, бұрқасын, көктайғақ болып тұр.
"Осыған байланысты республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1 240-1 360 шақырым аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аралықты қамтиды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу