Боран мен көктайғаққа байланысты еліміздің бес өңірінде жолдар жабылды

1534

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері ауа райы күрт нашарлаған аймақтардағы жолдарда 227 адамды эвакуациялады.  

Боран мен көктайғаққа байланысты еліміздің бес өңірінде жолдар жабылды

Еліміздегі ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ Ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб құрды. Оның құрамында "Қазавтожол" ҰК АҚ, "Казақавтожол" ЖШС өкілдері және ІІМ ӘПК қызметкері бар, деп хабарлады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

19 ақпан "Қазгидромет" еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады (Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан,Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары).

Қазіргі уақытта боран мен көктайғаққа байланысты еліміздің бес өңірінде - Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы республикалық жолдардың 8 учаскесі мен облыстық жолдардың 40 учаскесінде қозғалыс шектелді.

"Жедел шараларға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардан 611 адам және 321 техника жұмылдырылды. Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 284 жылыту пункті әзірленген. Онда 227 адам, оның ішінде 14 бала орналастырылды. Атап айтқанда СҚО (132, оның ішінде 7 бала), Қостанай облысында (64 адам, оның ішінде 7 бала)", - деп жазылған хабарламада. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу