Осылайша,18 миллион теңгенің жұмысы желге ұшты. 2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша әлеуметтік осал топтарға берліген пәтерлер суық болған. Тұрғындардың жаппай шағымынан соң, былтыр қаптала бастаған. Алайда, жұмысы соңына дейін аяқталмай жатып, кірпіштері құлап жатыр. Жұрт, ауданда сапасыз құрылыстардың жиілеп кеткенін айтады. Алайда, жауапқа тартылған бір шенді жоқ, деп қапалы. Билік өкілдері болса, бар кінәні мердігерден көріп отыр.
"Аталған үйдің сметалық құжаттамасы кірпішінің дұрыс есептелмеуіне байланысты, кірпіш толығымен жетіспеді. Содан кейін 2022 жылы аудандық бюджеттен 9 млн 116 мың теңге бөлініп, үш реташық конкурс жарияланды. Аталған жұмысқа ешқандай мердігерлер қатыспауына байланысты тоқтатылды", дейді Ұлытау облысы, Жаңаарқа аудандық әкімдігі ТҮКШ бөлімінің басшысы Жангелді Бөгенбаев.
Бүтін бір ауыл тұрғындары қар құрсауында қалды
Ал, Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты, Жарылғап батыр ауылында 300-ге жуық тұрғынның азығы таусылған. Қар құрсауынан шыға алмай қалған қалың бұқара әкімдіктен техника сұратқан. Алайда, жергілікті атқамінерлер бұл талапты орындай алар емес. Себебі, елді мекенге қарасты территорияны қардан аршып тазартуға арналған тендерге ешкім қатыспаған.