Боранбаевтың мемлекетке жалған активтерді бергені туралы ақпарат жоққа шығарылды

874

Қаржы мониторинг агенттігі Боранбаевқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Боранбаевтың мемлекетке жалған активтерді бергені туралы ақпарат жоққа шығарылды Фото: vk.com/fckairat

Ведомство мәліметінше, тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруі жалған болғаны туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды. Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды. Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өткізіліп жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу