Боранбаевтың сотына жәбірленуші тараптың өкілі келмеді

566

Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық №2 сотында белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен оның серіктеріне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Алайда, сот отырысына жәбірленуші тарап деп танылған "QazaqGaz"  ұлттық компаниясының өкілдері келмеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Боранбаевтың сотына жәбірленуші тараптың өкілі келмеді Фото: azattyq-ruhy.kz

Қайрат Боранбаевтың адвокаттары ақиқат орнауы үшін жәбірленуші тарап өкілдерінің сот отырысына қатысуын талап етіп отыр.  Өйткені, бұл қарсы тарапсыз шығарылған үкім күші жойылуының алдын-алу үшін де қажет.

"Жәбірленуші тарапқа қойылатын сұрақтар көп. Олардың жауабын білмей жатып, куәгерлерден жауап алу мүмкін емес", деді адвокат Вера Войцеховская.

Прокурор болса, жәбірленуші тараптың келуін күтпей-ақ сот отырысын жалғастыруға болады деп мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл отырысты кейінгі қалдырмас үшін және  "уақытты үнемдеуге" де маңызды.

Алайда, судья Назгүл Бапақова жәбірленуші тараптың сот отырысына қатыспау себебін нақтылау мақсатында үзіліс жариялады.

Естеріңізге саламыз, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және "Qazaq Gaz" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Оларға 14,5 млрд теңге заңсыз пайда табу мен оны заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу