Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы 7 қаңтарда Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарласып, екі жұмысшының далада жоғалып кеткенін айтты.
Шаруа қожалығы басшысының сөзінше, 4 қаңтар күні екі жұмысшы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қарда жүретін көлікпен жылқы іздеуге шыққан. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласының, екіншісі Целиноград ауданының тұрғыны.
"Жедел іздестіру барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері капитан Арман Маминов пен майор Рүстем Садықов Шортанды ауданының Ключи ауылынан 20 шақырым жерден жоғалған адамдарды тапты. Анықталғандай, жұмысшылар қарда жүретін көлігі жолда істен шыққан соң, жаяу тартқан. Ақтүтек боранда олар балықшылардың күркесіне кезігіп, сонда көмек келгенше төрт тәулік түнеп шыққан", – деді ведомстводан.