Боранда жабық жолға шыққан 5 көлік соқтығысты

106

Дәрігерлер зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Боранда жабық жолға шыққан 5 көлік соқтығысты Фото: canva

2026 жылғы 14 ақпан күні сағат 13:30 шамасында республикалық маңызы бар Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы автожолының 98-шақырымында, Көктума елді мекені маңында, 5 жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Апат салдарынан 6 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, Алакөл аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Оқиға болған уақытта аталған жол учаскесі қолайсыз ауа райына – боран, қатты жел және нөлдік көрінуге байланысты – барлық көлік түрлері үшін ресми түрде жабық болған. Қозғалысқа шектеу 2026 жылғы 13 ақпан күні сағат 12:00-де енгізіліп, синоптиктер болжамына сәйкес жолды 17 ақпан күні сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір бағытта қозғалған автокөліктер бір-бірімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар полиция бекеттерін және енгізілген тыйымды елемей, далалық айналма жолмен жүріп, жабық республикалық автожолға шығып кеткен.

Сонымен қатар апаттық-құтқару жұмыстары барысында жол қызметкерлері қар құрсауында қалған 12 автокөлікті шығарып, 9 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Осы ретте ҚазАвтоЖол өкілдері жүргізушілерге үндеу жасады:

енгізілген қозғалыс шектеулерін қатаң сақтауға;

жабық жол учаскелерін бейресми және далалық айналма жолдармен айналып өтпеуге;

жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпаратты нақтылауға;

боран мен қатты жел кезінде алыс сапардан бас тартуға шақырады.

Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік талаптарын елемеу адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу