Боранда жоғалып кеткен Шығыс қазақстандық азамат 16 сағат бойы адасып жүрген

550

9 сағат өтсе де үйіне жетпеген.

Боранда жоғалып кеткен Шығыс қазақстандық азамат 16 сағат бойы адасып жүрген Фото: ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі

Шемонаиха ауданында қаңтардың 5-і күні Усть-Таловка ауылынан көршілес Заречное ауылындағы үйіне жаяу жол тартқан ер адам боранда адасып кеткен. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда сағат 15:10-да Шемонаиха аудандық полиция бөліміне ер адамның жоғалып кеткені жайлы хабар түскен. 

- Белгілі болғандай, 37 жастағы азамат 5 қаңтарда таңғы сағат 04:00 шамасында Усть-Таловка ауылынан көршілес Заречное ауылындағы үйіне жаяу жол тартқан. Алайда 9 сағат өтсе де үйіне жетпеді. Оның қайда жүргені белгісіз болған. Ер адам тек туыстарына қоңырау шалып, боранның салдарынан адасып кеткенін, бір бағананың жанында айналып жүргенін, одан басқа ештеңе көрмейтінін және телефонның қуаты таусылайын деп тұрғанын хабарлаған, - делінген ақпаратта.

Іздестіру жұмыстарына полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, құтқарушылар, аудан әкімдігінің қызметкерлері және қарда жүретін көлігі бар Усть-Таловка ауылының тұрғыны Евгений Павлов тартылған. Сағат 20:00-де тәртіп сақшысы Айбек Нағұманов пен Евгений Павлов Усть-Таловка ауылынан 1,5 шақырым жерде адасқан азаматты аман-есен тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу