Боранда жолда қалған 251 адам құтқарылды

1334

Өткен тәулікте Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарының тас жолдарында боран салдарынан тежеліп қалған 103 көлік қар құрсауынан босатылды.

Боранда жолда қалған 251 адам құтқарылды

Барлығы 251 адам құтқарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметі хабарлайды. Алматы – Өскемен трассасында көлігі сынған 4 адам Талдықорғанға жеткізілген. Сондай-ақ Алматы облысы Кербұлақ ауданында 46 жеңіл көлік жолда қалған. Бұдан басқа Қызылорда-Жезқазған бағытында бораннан болған көлік кептелісінен 40 жеңіл, 10 жүк көлігі мен 4 шағын автобус аман шығарылды. Осы ретте төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға жолға шықпас бұрын ауа райының өзгеруі және жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды ескеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң орындауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу