Боранда жолда қалған азаматтар пойызбен тасымалданып жатыр

361

Барлық жолаушыларға қажетті көмек көрсетілуде.

Боранда жолда қалған азаматтар пойызбен тасымалданып жатыр Фото: ҚТЖ

ҚТЖ боранды күні жолда қалған азаматтар пойызбен тасымалданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақмола облысының тас жолында көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Осыған байланысты, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да тас жолдарында қалған азаматтарды пойызбен тасымалдау туралы шешім қабылданды. Мәселен, Қарағандыдан елордаға №43 "Алматы-Қостанай", №53 "Достық-Астана", №121 "Семей–Астана" және №45 "Түркістан–Астана" жолаушылар пойыздарымен кетуге болады", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, Ерейментаудан елордаға дейін №7501 "Павлодар–Астана" қала маңы электр пойызына жолаушыларды отырғызу қамтамасыз етіледі.

"Барлық жолаушыларға қажетті көмек көрсетілуде. Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығы кезінде азаматтарға үнемі көмек көрсетеді. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі, "KTZH_PP_BOT" Телеграмм боты, сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады", - делінген хабарламада.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ азаматтардан ауа райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу