Боранда жолда қалған шығысқазақстандықтар жедел желіге хабарласа алады

458

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында 8 жол әлі жабық.  

Боранда жолда қалған шығысқазақстандықтар жедел желіге хабарласа алады Фото: Google

Шығыс Қазақстан облысында боранда қалғандар үшін жедел желі іске қосылды. Дәл қазір арнайы техникалар жолдарды қардан тазартып үлгере алмай жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа-райының қолайсыздығы, нақты айтқанда боран мен көктайғақ салдарынан жолда қалған азаматтарға көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылды.

"Тұрғындар үшін 8 (7232) 55-38-19 нөмірі бойынша қауырт желі іске қосылды. Қазіргі уақытта облыста 10 жылыту пункті жұмыс істеп тұр", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында 8 жол әлі жабық.

Олар:

  1. Предгорное - Шемонаиха – РФ шекарасы
  2. Герасимовка.-Семей
  3. Қалбатау-Қайсенов
  4. Тарғын-Самар
  5. Абай облысының шекарасы-Шемонаиха
  6. Шемонаиха-Секисовка
  7. Шемонаиха -Үлкен өзен
  8. Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу