Боранда жолда қалғандар құтқарылды

522

Абай облысының Жарма және Көкпекті аудандарының аралығындағы  Байбура асуында 100 шамалы көлік ауа райының қолайсыздығынан жолда қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Боранда жолда қалғандар құтқарылды Фото: egemen.kz

Жалпы, 381 адамның 140-ы кеше Көкпектіге аман-есен жеткізілді. Жолаушылар аудан орталығындағы мектеп асханасынан тамақтанып, мешітке, қонақүйге орналастырылды.

Көкпекті және Жарма ауданы әкімдігі тарапынан жылы да жайлы жерге дер кезінде көрсетілген көмек нәтижесінде жеткізілген жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азаматтарға алғысын айтып жатыр.

Бірер сағатта олардың барлығы да жолға шығатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу