Боранды аймақтан 300-ден астам адам пойызбен жеткізілді

318

Жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайды.

Боранды аймақтан 300-ден астам адам пойызбен жеткізілді Фото: ҚТЖ

Осы жылдың 13-14 желтоқсан аралығында қардың, аяздың және автомобиль жолдарының жабылуының қиын жағдайларында "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқа да тасымалдаушылармен бірлесіп адамдарды әкетуді ұйымдастырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар пойыздары Боранды станциясынан Шымкент және Түлкібас станцияларына ауа райы қолайсыз аймақтан 300-ден астам адамды тасымалдаған.

"Мәселен, Шымкентке 240 жолаушы №33 "Алматы — Ақтөбе" және №77 "Алматы- Маңғыстау" пойыздарымен жеткізілді.  Тағы 108 жолаушы №55 "Көкшетау — Қызылорда" пойызымен тасымалданды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайды", - делінген хабарламада.

Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу