Боранды күні 2 шопан адасып кетті

359

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.  

Боранды күні 2 шопан адасып кетті Фото: ТЖМ бейнеден скриншот

2 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Түрген ауылының маңында 1969 және 1966 жылы туған екі шопан жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оларды іздеуге кірісті.

Жоғалған адамдар жол талғамайтын автокөлікпен іздестірілді. Бір жарым сағат іздеуден кейін олар Түрген ауылынан 15 км қашықтықта табылып, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу