Боранға байланысты 3200-ден астам жолаушы пойызға отыруға мәжбүр болды

877

Боранға байланысты 3200-ден астам жолаушы пойызға отыруға мәжбүр болды

Қолайсыз ауа райы мен  еліміздің бірқатар көлік жолдарының жабылуына байланысты  сұранысқа ие бағдарлар бойынша жолаушыларды жеткізу үшін қосымша вагон бөлінді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Өткен демалыс күндері ұлттық тасымалдаушы  темір жолдың барлық учаскелері бойынша пойыздарға 60-тан астам жолаушы вагонын тіркеді.  Бұл  3200-ден астам жолаушыны көздеген жеріне жеткізуге мүмкіндік берді.  "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдары мен еншілес кәсіпорындары  ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген режімде жұмыс істеді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу