Боранға байланысты екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

787

Боранға байланысты екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің төмендеуі) Сарыөзек – Көктал көлік жолының Қоғалы ауылынан Басшиға дейінгі 40-80 шақырымында жүк көлігінің қозғалуына шектеу қойылған, деп хабарлады "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, көру мүмкіндігінің төмендігі) Екатеринбург – Алматы көлік жолының Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі 1353-1444 шақырым арылығы көліктің барлық түріне шектеу қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу