Кешелі бері Риддер іргесінде көліктер ұзын-сонар кептелісте қалған. Бұған қатты боранға байланысты тасжолдың жабылуы себеп болған. Алайда, соған қарамастан жолға шыққандар саны азаюдың орнына көбейіп барады.
"Дәл қазір Риддер мен Өскемен арасындағы республикалық маңызы бар жол жабық. Риддерден шыға берісте жолшылар мен полицейлер кезекшілік атқарып тұр", - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу