Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болып, екі адам қаза тапты

958

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те тіркелген.

Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болып, екі адам қаза тапты

"Маңғыстау облысы "ҚазМұнайТеңіз" ТМК" ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.

"Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС филиалының басшылығы барды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді", – деп жазылған ҚМГ хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу