Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

671

Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді.

Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

Осыдан 10 күн бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, оның нәтижесі бойынша індет жұқтырғаны белгілі болған. Бүгін ол тексеру жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Премьер-министр өз дәрігерінің кеңесімен тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", – деп мәлім етті Даунинг-стриттен.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу