Борис Джонсон интенсивті терапия бөлімінен шықты

692

Британия карантин режимін созуы мүмкін.

Борис Джонсон интенсивті терапия бөлімінен шықты

Коронавирус жұқтырған Британия премьер-министрі Борис Джонсон интенсивті ауруханадағы терапия бөлімінен қарапайым бөлмеге ауысты. Ол бұл жұқпалы ауруға наурыз айында шалдыққан болатын. Джонсонның қызметін қазір уақытша атқарып жүрген Сыртқы істер министрі Доминик Рааб карантин мерзімі ұзаруы мүмкін екенін айтты. Бірақ бұған қатысты ресми мәлімдеме келесі аптада жасалады. Соңғы дерек бойынша,бұл елде аурудан қаза тапқандардың саны 8 мыңға таяп қалған. Мамандар осы аптаның соңында жұқтыру фактілері көбейеді деп отыр.

Ал Испанияның аумақтық саясат министрі Каролина Дариас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлім етті. Оның ауруға шалдыққаны 12 наурызда мәлім болған еді. Дариастан бөлек елдің тағы бір министрі Ирена Монтеро да вирусты жұқтырған болатын. Ол қазір ауруханада тиісті ем қабылдап жатыр. Ресми дерек бойынша, Испаниядағы аурулардың саны 150 мыңға жетіп, оның 15 мыңы қайтыс болған. Соңғы күндері пандемияның таралуы сәл бәсеңдеген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу