Борис Джонсон кезектен тыс сайлау өткізбек

950

Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі 2020 жылы жалпыға ортақ кезектен тыс сайлау өткізуді жоспарлап отыр. 

Борис Джонсон кезектен тыс сайлау өткізбек

Саяси додада ол лейбористердің көшбасшысы Джереми Корбинмен тартысқа түспек. Бұған дейін ол кезектен тыс сайлау өткізуге қарсы шыққан болатын.

Times басылымының хабарлауынша, қазір Джонсон сайлауға қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Жаңа премьер сайланғанға дейін бұл лауазымда Тереза Мэй қалады.

Естеріңізге сала кетейік, Мэй 7 шілде күні ресми түрде консервативтік партия көшбасшысы қызметінен бас тартқан еді. 

Елдегі кезекті парламенттік сайлау 2022 жылға белгіленген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу