Борис Джонсон министрлеріне Давосқа баруға тыйым салды

575

Премьер алдымен халықтың мәселелеріне баса назар аударуды жөн көріп отыр. 

Борис Джонсон министрлеріне Давосқа баруға тыйым салды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон министрлер кабинетіне Швейцариядағы экономикалық форумға сапарлап қайтуға рұқсат бермеді. Бұл жиын келесі жылы 21 және 24 қаңтар аралығында Давос қаласында өткізіледі. Премьердің оларды форумға жібермеуінің себебі – дауыс берушілер арасында партияның беделін арттырып, халықтың қолдауына кеңірек ие болу. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Джонсонның өзі де шараға қатысудан бас тартқан. Ол британиялықтардың мәселесін шешуге баса назар аударуды жөн көріп отыр. Оның үстіне қазір Еуропаны Brexit мәселесі де алаңдатып отыр. Лондон мен Брюссельдің бұған қатысты шешімі Еуроодақтың экономикасына, жалпы, әлем экономикасына тікелей әсер етеді. 

Айта кетейік, Давос форумы – халықаралық үкіметтік емес ұйым. Штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан. Дәстүр бойынша жиын жыл сайын  швейцариялық таулы курорт Давоста ұйымдастырылады. Ол 1971 жылы Швейцарияда еуропалық кәсіпкерлердің бейресми араласу клубы ретінде қүрылған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу