Борис Джонсон отставкаға кетпей тұрып Украинаға тағы да бармақ

856

Ол 7 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі және консервативті партияның жетекшісі қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Борис Джонсон отставкаға кетпей тұрып Украинаға тағы да бармақ

Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон қызметінен кетер алдында тағы да Украинаға баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

The Telegraph дерегі бойынша, ол Президент Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке аттанбақ. Бұған дейін ол сәуір-маусым айларында сапарлай барған еді.

Маусым айында Джонсон Украинаға £1 млрд ($1,2 млрд) көлемінде әскери көмек пакетін жариялады. Жақында Ұлыбритания алдағы апталарда Украинаға ондаған артиллериялық қаруды, 1,6 мың танкке қарсы қаруды, 50 мың оқ-дәріні, контрбатареялы радарларды және жүздеген дронды жіберетіні белгілі болды. Лондон ақпан айынан бері Киевке £2,3 млрд ($2,7 млрд) көлемінде әскери көмек жіберді.

7 шілдеде Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі және консервативті партияның жетекшісі қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бірақ ол күзге дейін үкімет басшысының міндетін орындайды.

Джонсон премьер-министр болып 2019 жылғы 24 шілдеде тағайындалған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: delfi.lt

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу