Борис Джонсон премьер-министрлікке үміткер болудан бас тартты

925

Бұған дейін Ұлыбританияның экс-премьері қайта тағайындалуы мүмкін екені хабарланған. Тіпті Telegraph газеті Джонсон партияластардың қолдауына ие болу үшін парламентшілермен келіссөздерді бастап кеткені жайлы жазған еді.  

Борис Джонсон премьер-министрлікке үміткер болудан бас тартты Фото: REUTERS

Дегенмен Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон биліктегі Консервативті партияның жетекшісі әрі Үкімет басшысы ретінде өз кандидатурасын ұсынбайды, деп хабарлайды Sky News.

"Борис Джонсон консерваторлардың көшбасшылық жарысынан шықты", - деді журналистер.

Ұлыбританияның Премьер-министрі Лиз Трасс 20 қазанда отставкаға кететінін мәлімдеді, ол оның орнына басқа біреу келгенше министрлер кабинетінің басшысы болып қала беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу