Борис Джонсон ұлына өзін коронавирустан емдеген дәрігердің есімін қойды

780

 Сәбидің есімі – Уилфрид Лори Николас.

 Борис Джонсон ұлына өзін коронавирустан емдеген дәрігердің есімін қойды

Борис Джонсон ұлына коронавирустан жанын аман алып қалған дәрігердің атын қойды. Сәбидің есімі – Уилфрид Лори Николас, деп хабарлайды Atameken Business. 

Бористің келіншегі Кэрри Саймондстың айтуынша, баланың арғы атасының есімі Уилфрид, нағашысының аты – Лори. Оған Николос есімді дәрігердің аты қосылған.

Негізі Джонсонның атасы түрік екені белгілі. Оның аты – Осман Уилфрид Кемаль болған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін тегін ауыстырған ол Уилфрид Джонсон болып, ағылшындардың арасына сіңісіп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу