Борнео аралында Индонезияның жаңа астанасы салынады

1822

Индонезия билігі Ява аралында орналасқан Джакарта қаласын ел астанасы мәртебесінен айырмақ. 

Борнео аралында Индонезияның жаңа астанасы салынады

Жаңа бас қала Борнео аралының оңтүстік-шығысында салына бастады. Бұл туралы ел президенті Джоко Видодо хабарлады. 

Астананы көшіру жұмыстары 2021 жылы басталып, ал 2024 жылы мемлекеттік құрылымдар толықтай Борнеоға қоныс аудармақ. CNN басылымының дерегі бойынша, бұған шамамен 34 млрд доллардай бөлінбек. 

Қазіргі астана Джакарта қаласында халық саны шамадан тыс көбейіп кеткен. Салдарынан экологиялық ахуал төмендеп, жергілікті тұрғындардың денсаулығы нашарлауда. Соңғы дерек бойынша, шаһар мен оның маңындағы елдімекендерде 30 млн адам тұрып жатыр. Қала батпақты жерде орналасқан, жыл сайын ол 10-25 сантиметрге шөгуде. Джакартаның жартысы теңіз деңгейінен төмен орналасқан. 

Ел президенті жаңа астананың табиғи апат сирек болатын қауіпсіз жерге көшірілетінін айтты. Бірқатар ғалым Джакарта шамамен 30 жылдан кейін су астына кетуі мүмкін деген пікірде. 

Дегенмен биліктің бұл шешімімен келіспейтіндер де бар. Экологтар жаңа бас қаланың құрылысы қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп, орангутан маймылдарының азаюына әкеліп соғады деп отыр. Оның үстіне олар Борнео аралында орман өртінің жиі болатынын алға тартуда. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу