Бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 гектарға артық. Соңғы үш жылда егіс көлемі 34 мың гектарға ұлғайса, оның 20,7 мың гектары көктемгі егіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2024 жылдың басынан бері ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 44,6 млрд теңгені құрады. Негізгі үлесті өсімдік шаруашылығы – 32,1 млрд теңге (65%), ал мал шаруашылығы 12,4 млрд теңге (35%) берді.
Мал басының да айтарлықтай өскені байқалады. Ірі қара мал басы 29 321 басқа (+22,5%), ұсақ мал 33 374 басқа (+28,1%) өсті.
Бүгінде облыста 403 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер белсенді жұмыс істеп, өңір экономикасын нығайтуға зор үлес қосуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу