Бородулиха ауданына гуманитарлық көмек келіп жатыр

571

Барлық гуманитарлық көмек Бородулиха-Жерновка мен Озерки-Талицаға жеткізілді. 

Бородулиха ауданына гуманитарлық көмек келіп жатыр Фото: Объектив Восток

Бородулиха ауданы гуманитарлық көмек алды, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, тілсіз жаудың алғашқы күндерінен бастап еріктілер, оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтар мен әкімдік Бородулиха ауданына көмекке келді.

"Гуманитарлық көмек жинауға мемлекеттік органдар мен партия ұйымдары ғана емес, кәсіпорындар, жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де қатысып жатыр. Олар жерлестеріне азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қажетті заттарды жөнелтуде. Барлық гуманитарлық көмек арнайы көліктерге тиеліп, Бородулиха-Жерновка мен Озерки-Талицаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек күн сайын 80-ге жуық жергілікті ерікті мен Семей, Өскемен, Астанадан келген 100-ден астам адам өртті сөндіруге қол ұшын созып жатыр. Олардың орнын басқа жанашыр азаматтар келіп алмастыруда.

"Соңғы тәуліктің өзінде 1,5 тонна ауыз су, 400 кг қой еті, құс еті, 600 кг көкөніс (картоп, пияз, сәбіз), 100 литрден астам май берілді. Шаруа қожалықтарының басшылары азық-түлік жеткізу үшін екі көлік бөлді", - деп хабарлады облыстық әкімдік.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу