Бородулиха ауданында 50 ауланы су басты

415

Бородулиха ауданы Переменовка ауылында қардың қарқынды еруі салдарынан Эра өзенінде су деңгейі көтерілді.  

Бородулиха ауданында 50 ауланы су басты Фото: gov.kz

Өзен арнасынан судың шығуы нәтижесінде Первомайская көшесінің бойындағы 50 ауланы су басқан. Бірақ, үйлерге су кірген жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Барлығы 19 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның алтауы – балалар.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің, ЖАО, АПБ, орталық аудандық емхананың және АЭС күштері мен құралдарынан 44 адам және 7 техника жұмыс атқаруда.

Өзге үйлерді су басып кетпеу үшін инертті материалдар төселіп жатыр. Жергілікті атқарушы орган өкілдері Эра өзенінде жағалауды бекіту қолға алды. Барлығы 400 қап 500 тонна инертті материал төселді.

Төтенше жағдайлар қызметі үйлерді аралап, тұрғын үйлердің су баспауын тексеруде.

Сонымен қатар талан-таражға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Бородулиха АПБ патрульдер ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу