"Бородулиха ауданындағы өрт" деп тараған видео жалған болып шықты

518

WhatsApp мессенджері арқылы тараған кадрларда тілсіз жау Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Бородулиха ауылының маңында шыққан деп жазылған.

"Бородулиха ауданындағы өрт" деп тараған видео жалған болып шықты Фото: google.com

Бұл кадрлардың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Видео Ресейде түсірілген.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді – өрт мамыр айының басында Қазақстанда емес, басқа елде түсірілген. "Новосибирск онлайнның" хабарлауынша, видеода 11 мамырда "Омбы-Түмен" тас жолында орын алған өрт көрсетілген. Сонымен қатар видеода жазылған жазу да дұрыс емес – Бородулиха аумағы ШҚО-ға емес, Абай облысына қарайды", – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу