Бортоғай су қоймасында қар құрсауында қалған жүргізушілердің барлығы эвакуацияланды

576

Авариялық-құтқару жұмыстарына 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды.  

Бортоғай су қоймасында қар құрсауында қалған жүргізушілердің барлығы эвакуацияланды Фото: gov.kz

2023 жылғы 5 қаңтар күні сағат 21.45-де Бортоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған барлық адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңғы сағат 09-00-де қар құрсауында қалған 12 жүргізуші мен 16 бірлік автотехника қалды, оның 4-і сынып қалған болатын.

Қар құрсауында қалған адамдар мен техниканы эвакуациялау жұмыстары бүгін сағат 9.40-та Батанға жетпей 23-25 км аралығында түскен үш қар көшкіні қиындатты. Автожолды тазарту "Қазселденқорғау" ММ және 13-ЖҚБ күштерімен, Республикалық жедел-құтқару жасағы және Алматы облысы ТЖД күштерімен жүргізілді.

Жалпы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, полиция департаментінен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, жергілікті атқарушы органдардан, ерікті-еріктілерден 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды.

Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостында ұйымдастырылған жедел штабта қарсы алды. Олар эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қызметтердің мамандарына адамдарды құтқару ісіндегі қажырлы еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу