FlyArystan бортсерігіне жұдырық ала жүгіріп, "ұшақта бомба бар деп айқайлаған" жолаушы қамауға алынды

590

Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

FlyArystan бортсерігіне жұдырық ала жүгіріп, "ұшақта бомба бар деп айқайлаған" жолаушы қамауға алынды Фото: Азамат Ерғалиевтің Facebook парақшасынан

Белгілі болғандай, Астанадан Өскеменге ұшқалы жатқан ұшақ ішіндегі жолаушыларды санап өтіп бара жатқан бортсерікті ер адам кенет ішінен ұрып жіберген.

Жолаушыны отырғызу кезінде теріс мінез-құлқы байқалмаған.

Ұшақ ішіне дереу тәртіп сақшылары шақырылғанда жолаушы "бомба бар деп айқайлаған".

Осыдан кейін ер адам ұсталып, басқа жолаушылар да ұшақтан шығарылды.

Ұшақ іші жедел әрі мұқият тексеріліп, нәтижесінде ешқандай жарылғыш немесе басқа да тыйым салынған заттар табылмады.

Ер адамның үстінен бұзақылық және терроризм дерегі туралы жалған хабарлау бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу