Бортта 7 адам болған: Ресейде Ан-3 ұшағы апатты жағдайда қонып, өртеніп кетті

154

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Бортта 7 адам болған: Ресейде Ан-3 ұшағы апатты жағдайда қонып, өртеніп кетті Фото: ТАСС

Ресейдің Сахалин облысында Ан-3 ұшағы апатты жағдайда далаға қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТАСС агенттігінің жазуынша,  оқиға Зональное ауылының маңында болған.

Ресей ТЖМ-нің Сахалин облысы бойынша басқармасының мәліметінше, ұшақ бортында жеті адам болған. Ұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін борттағы адамдардың барлығы дер кезінде эвакуацияланып үлгерген.

Ведомство мәліметінше, Ан-3 ұшағы әуе қорғанысы қызметіне тиесілі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу