Бортында 104 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

559

Бортында 104 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Кубаның Cubana de Aviacion компаниясына тиесілі Boeing-737 ұшағы Хосе Марти атындағы Гавана халықаралық әуежайынан ұшып шыққан кезде апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ бортында 104 адам болған, әуе кемесі Кубаның Ольгин қаласына рейске аттанған.

Қазіргі уақытта Хосе Марти атындағы әуежайдың үстінде қою қара түтін көрінеді. Апат болған жерге өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері аттандырылған.

Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ құрбан болғандардың саны да әлі нақтыланбаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу