Сирия жағалауында ресейлік Ил-20 ұшағы атып түсірілді. Бұл туралы Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады 24.kz.
Апаттың орын алуына Латакия өңіріндегі израильдік әскерилердің әрекеттері себеп болған көрінеді.
Ресейлік тараптың мәліметінше, ұшақ 5 шақырым биіктіктен қонуға әзірленген екен. Оқиға салдарынан бортта болған 15 әскери қызметкер ажал құшты.
Израильдің бұл әрекетіне Ресей қорғаныс министрлігі тиісті жауап береміз деп отыр.
Айта кетейік, Ил-20 экипажымен байланыс кеше Ресей уақытымен түнгі он бірлер шамасында жоғалған. Ұшақ ол кезде Сирия жағалауынан 35 шақырым жерде болған екен. Қазір ұшақ қалдықтарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.