Бортында 251 адам бар кеме суға батып кетті

907

Бортында 251 адам бар кеме суға батып кетті

Филиппиннің шығыс бөлігіндегі Кесон провинциясының жағалауына жақын маңда бортында 251 адам бар кеме суға батып кетті, деп хабарлайды Интерфакс.
"Біз зардап шеккендер туралы естідік,  қазір анық-қанығын тексеріп жатырмыз", - деді Филиппин жағалауы күзетінің өкілі Арман Балило.

Оның айтуынша, ауа-райының қолайсыз кезінде Филиппиннің Полилио аралын бетке алған кеме аударылып, суға батып кеткен.

Қатты жел тұрып, толқын көтерілуі құтқарушылардың жұмысын қиындатып, зардап шеккендерді іздеуге кедергі келтіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу