Бортында 44 адам бар сүңгуір қайық жоғалып кетті

1591

Бортында 44 адам бар сүңгуір қайық жоғалып кетті

Аргентина әскери теңіз күштерінің сүңгуір қайығы жоғалып кетті. Бұл ақпаратты әскерилер өздерінің Twitter парақшасында жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Субмарина сәрсенбі күні Ушуайя портынан Мардель-Платаға аттанған. Қайық бортында 44 адам болған. Бірақ орта жолда байланысқа шығуын тоқтатқан.

Кларин басылымының хабарлауынша, бұған сүңгуір қайықтағы техникалық ақау немесе өрт себеп болуы мүмкін. Қазір су көлігі ұшақтар мен кемелердің көмегімен іздестіріліп жатыр.

Әскери техниканың өзі Германияда құрастырылып, Аргентина әскери теңіз күштері құрамына 1985 жылы берілген. Оның ұзындығы – 66 метр. Мұндай субмарина су астында екі сағат бойы жұмыс істей алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу