Борышкерлерді бопсалайтын коллекторлардың дәурені өтті

740

Елімізде коллекторлық компаниялардың жауапкершілігі күшейтіледі, деп хабарлайды Atameken Business.  

Борышкерлерді бопсалайтын коллекторлардың дәурені өтті

Мәжіліс осыған қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады. Талаптарды қайта қарауға салаға қатысты шағымның көп болуы себеп. Соңғы екі жылда 600-ге жуық арыз түскен. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин 90-шы жылдардағы сияқты қорқытып-үркіту арқылы қарызды өндіріп алу әлі де бар деді. Бұдан бөлек, елімізде қарызға белшесінен батқандар саны артып келеді. Мұны да тізгіндейтін механизм осы заң жобасына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу