Қазақстанда енді азаматтардың банк шоттары қарызы үшін толықтай бұғатталмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты LS порталына сілтеме жасап.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұған дейін азаматтардан банк шоттарының толық бұғатталуына қатысты көптеген шағым түскен.
"Егер азаматтың, мысалы, айыппұл бойынша қарызы болса, банк бүкіл шотын бұғаттап тастайтын. Енді бұл жүйе жетілдіріліп жатыр. Жеке сот орындаушысы тек қарыз сомасына ғана шектеу қояды. Шот толық бұғатталмайды. Қазіргі уақытта бұл тетік банктермен бірлесіп іске асырылып жатыр", – деді вице-министр.
Жаңа тәртіп жақын уақытта іске қосылады деп болжанып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу