Борышкерлердің несие тарихын анықтайтын арнайы қызмет жұмыс істеуде

793

Борышкерлердің несие тарихын анықтайтын арнайы қызмет жұмыс істеуде

Борышкерлердің несие тарихын анықтайтын арнайы қызмет жұмыс істеуде. Бұл сервисті бірінші кредиттік бюро барлық қаржы ұйымдарына ұсынып отыр. Екінші деңгейлі банктер, микроқаржылық мекемелер несие алуға өтініші білдіруші жайлы ақпаратты осы қызмет арқылы ала алады. Осы уақытқа дейін банктен қарыз алғысы келетіндер туралы мәліметті білу үшін 1-2 күн жұмсаласа, енді небәрі 15 секундта жеткілікті. Бұл ақша алушы мен берушіге тиімді болып отыр. Өйткені уақыт үнемделеді. Бұл жұмысты осы уақытқа дейін жасап келген компаниялар өз қызметтерін қымбат бағаға ұсынып отырған дейді бірінші кредиттік бюро қызметкерлері. Енді бұл мәселе мықтап қолға алынбақ. Қазіргі таңда бұл қызмет түрін 3 банк және бірқатар микроқаржылық ұйымдар қолдануға ниет білдіріпті. Айта кетейік елімізде 1 айда несие алуға 500 мыңнан астам өтініш келіп түседі екен.

Әсем Нұрғалиева, "БКБ" бизнесті дамыту бөлімінің басшысы:

- Бұл схема бойынша тек бірінші кредиттік бюроға қосылып жұмыс істеуге болады. Біз әр компанияға өздерінің логин парольін беріп қосып, жүйеге қосамыз. Техникалық ақаулар болмайды. Қызметті пайдаланушылар клиенттері жайлы барлық ақпаратты осы жерден еркін алып отыруға мүмкіндіктері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу