Борышкерлерге хабарлама жіберетін робот әзірленді – Әділет министрлігі

476

Ведомство бұл азаматтардың борыштық жүктемесін азайту мақсатында іске асырылғанын атап өтті. 

Борышкерлерге хабарлама жіберетін робот әзірленді – Әділет министрлігі Фото: Time.kz

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру мәселелеріне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Мәжбүрлеп орындау барысында жеке сот орындаушысы борышкерлерден негізгі борыш сомасын және өндіріп алу сомасын 3 пайыздан 25 пайызға дейін мөлшерде қосымша комиссия өндіріп алады. Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту мақсатында атқарушылық құжатты автоматты түрде қозғау және борышкерге хабарлама жіберу бойынша робот әзірленді. Роботты  қолдану азаматтарға сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге қосымша қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді", - деді спикер.

Бұдан бөлек борышкерлердің олардың тең пропорционалды табысына тең алимент төлеуге ынталандыру мақсатында Smart Data Ukimet платформасында талдамалық кейс іске асырылған көрінеді.

"Бұл механизм алимент төлеу сомасын азайту үшін борышкердің табысын жасыру фактілерін анықтауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды Бекболат Молдабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу