"Бос орын жоқ": Бишімбаев түрмеде әлі жұмысқа тұрмапты

860

Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

"Бос орын жоқ": Бишімбаев түрмеде әлі жұмысқа тұрмапты Фото: inbusiness.kz

Қуандық Бишімбаевтың күн тәртібі ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларының талаптарына сәйкес сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты сотталушы әлі жұмысқа орналастырылмаған. Оның күн тәртібі ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады", – деп жауап берді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде (ҚАЖК) Zakon.kz сайтының ресми сұрауына.

Ведомствода сотталған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқаны нақтыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу