2 маусым күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жұмыспен қамту орталығы "Жастар" сарайында бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жәрмеңкеге 60 жұмыс беруші шақыртылды. Шараға "Білім беру", "Құқық" "Өнер және мәдениет", "Медицина, фармацевтика", "Энергертика" және т.б. техникалық және кәсіби білім беру бағытындағы оқу орындарының үш мыңнан астам түлегі қатысады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу