17 мектеп директоры мұғалімдерді жұмысқа заңсыз қабылдағаны үшін жұмыстан босатылды

1100

Тексеру барысында 1423 бос орын бойынша мүлдем конкурс өткізілмегені анықталды.    

17 мектеп директоры мұғалімдерді жұмысқа заңсыз қабылдағаны үшін жұмыстан босатылды Фото: Р-Спорт

Оқу-ағарту министрлігінің аппарат кеңесінде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауренов мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бойынша тексеріс қорытындысын жариялады, деп жазады inbusiness.kz

Тексеру жүргізілген мектептер жаңа оқу жылында 3855-тен астам маманды  жұмысқа қабылдаған. Ернұр Дәуреновтың дерегінше, соның ішінде 1423 бос орын бойынша конкурс өткізілмеген.

"Конкурссыз Түркістан облысында - 122 мұғалім, Алматы облысында - 250 мұғалім, Жамбыл облысында - 169 мұғалім, Шымкент қаласында 134 мұғалім жұмысқа кірген. Бұл ретте заңсыздық орын алған Қарағанды, Қостанай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын да атап кетуге болады", - деді Ернұр Дәуренов.

Сондай-ақ, мұғалімдерді жұмысқа алу барысында конкурс ұйымдастыру талаптары сақталмаған. Ернұр Дәуреновтың дерегінше, хабарландыру уақытылы жарияланбаған, құжаттар толық тапсырылмаған және хаттамалары дұрыс толтырылмаған.

"944 педагогті жұмысқа бақылдау кезінде конкурсты ұйымдастыру тәртібі бұзылған. Аталған заңсыздықтар бойынша 558 мектеп директорына тәртіптік шара қабылданды және 17 директор жұмыстан босатылды", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу