Бос сөзден нәтиже шықпайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

699

Президент үкімет пен есеп комитетіне тапсырма берді. 

Бос сөзден нәтиже шықпайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен есеп комитетіне 15 қазанға дейін дағдарыспен күресу үшін бөлінген қаражатты жұмсаудың тиімділігін талдау міндетін жүктеді. 

"Жоспарлаудың шалалығы, сатып алу құнының тым қымбаттығы, жекелеген іс-шаралардың тиімділігі мен қажеттігі әлі де түйткілді мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Сондықтан қатаң бақылау шараларын енгізуіміз керек. Әйтпесе бос сөзден нәтиже шықпайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің бұйыруынша, үкімет пен есеп комитеті 15 қазанға дейін жасайтын талдауында өңірлер мен орталық мемлекеттік органдардың ерекшелігін ескеруі керек. Онда әр министр мен әкім бойынша қорытынды тұжырым болуға тиіс. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу